Түркістан облысы: бюджет түсімдері артығымен орындалған
Көлеңкелі экономиканың көзін жою үшін - салықтық тексерісті күшейту керек. Сонда ғана еліміздің хал-ахуалы артып, мемлекетіміз гүлденетін болады. Бұл ретте, мемлекеттік кірістер департаменті түсімдер бойынша, ағымдағы жылдың 6 айында бекітілген жоспар 85 миллиард 086 млн. теңге болса, бюджетке 87 миллиард 209 млн. теңге өндірген. Яғни, бекітілген жоспар 2 миллиардтан астам теңгеге артығымен орындалды. Бұл туралы Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Алмас Шаймерденов айтты.