Ұ.Сәдібеков: "Мәселенің салдарымен күресу емес, оның алдын алған тиімді"
Түркістан қаласында облыс әкімі Ж.Түймебаевтың ауқымды салаларды дамыту жөнінде берілген маңызды тапсырмасына сәйкес, жастар саясаты, дін істері, білім, ішкі саясат және идеология салаларындағы өзекті мәселелер талқыланған жиын өтті. Жиынды облыс әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков жүргізіп отырды. Келелі кездесуде 4 басқарманың басшысы атқарылған жұмыстармен қатар қордаланған түйткілдер жөнінде баяндама жасап, оларды шешу жолдары мен ұсыныстарын айтты. Бұл туралы «AQ-QARA.KZ» хабарлайды «ontustik.gov.kz-ке» сілтеме жасап.