Түркістан облысы: Отырарға «Ұлт рухы» жобасы аясында қоғамдық делегация өкілдері келді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында айтылған міндеттерді жүзеге асыру мақсатында «Айғақ» телеарнасы қолға алған «Ұлт рухы» жобасы аясында Түркістан облысында арнайы құрылған қоғамдық делегация өкілдері Отырар ауданына келді.

Түркістан облысы: үкіметтік емес ұйымдардың жұмысы жанданатын болады

Түркістан қаласындағы Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дың кітапханасында Түркістан облыстық ішкі саясат басқармасы мен «Түркістан облысы Азаматтық альянсының» ұйымдастыруымен үкіметтік емес ұйымдармен жиын өтті. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауындағы міндеттерді жүзеге асыру жолы талқыланған жиынға өңірдегі 30-ға жуық белсенді үкіметтік емес ұйым өкілдері қатысты.

Түркістан облысының жастары Елбасы қойған міндеттерді орындауға дайын

Президент өзінің жаңа Жолдауында жастар мен отбасы институтын кешенді қолдау мемлекеттік саясаттың басымдығына айналуға тиіс екендігін жеткізгені белгілі. Сондай-ақ, жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды толық қамтитын әлеуметтік сатының ауқымды платформасын қалыптастыру керектігін нықтады.

Түркістандықтар Елбасы Жолдауынан үлкен серпіліс күтеді

 

 Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бері қарай жүргізіп келе жатқан сарабдал саясатының негізгі өзегі – халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту. Биылғы Жолдаудың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: Табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» деп аталуының өзі мемлекеттің осы бағыттан танбағанын көрсетеді.

Түркістандықтар Елбасының Жолдауындағы бастамаларды зор ықыласпен қабылдады

Бесінші қазан күні Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Астана қаласында Қазақстан халқына арнаған Жолдауын жолдады. Мемлекет басшысының Жолдауын Түркістан облысының тұрғындары тікелей эфирден тамашалады.

Түркістан облысы: мемлекеттік қызметшілер жаңа жүйемен жалақы алатын болды

Елбасымыздың «100 нақты қадам» Ұлт жоспарындағы тиісті қадамдарды жүзеге асыру шеңберінде мемлекеттік қызметкерлерге жалақы факторлық-балдық шкала бойынша төленетін болады. Бұл ретте қызметкерлердің жауапкершілігі, дербестігі, тәжірибесі, арнайы білімі, жүктемесі секілді факторлар ескеріліп, жалақы тағайындалады. Бұл туралы таяуда Түркістан облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Ғалым Тұрсынбаев мәлім етті.

Алпауыт компаниялар Түркістанға бір-бір нысаннан салып беретін болды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде кеңес өткізгені белгілі. Сол жиында Елбасы министрлер мен үкімет мүшелеріне, еліміздегі алпауыт компаниялардың басшыларына Түркістан қаласына бір-бір нысан салу жөнінде тапсырма берді.