Мақтааралға ауданның 90 жылдық мерейтойына орай Өзбекстаннан делегация келді
Мақтаарал ауданының 90 жылдық мерейтойына орай елімізбен көршілес жатқан Өзбекстан Республикасынан бір топ делегация келіп, Сырдария облысының әкімі Ғафуржон Ғаниұлы Мирзаевтың құттықтау хатын жеткізді. Тілі, діні, мәдениеті бір қазақ пен өзбек халықтарының достығы соңғы жылдары нығая түскенін, ақ алтын өндірумен аты шыққан Мақтаарал ауданының жетістіктерінен хабардар екенін Ғ.Мирзаев құттықтау хатында баяндаған.