ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин Арыс қаласындағы қалпына келтіру жұмыстарының барысын тексерді

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Арыс қаласындағы зардап шеккен үйлерді, әлеуметтік нысандар мен инженерлік желілерді қалпына келтіру жұмыстарының барысымен танысу мақсатында  жұмыс сапарымен Түркістан облысына барды. ҚР Үкіметінің басшысы өңірлік штабтар жұмысын тексеріп, «Көктем-1», «Көктем-2» ықшам аудандарындағы тұрғын үйлердің, мектеп, балабақша, темір жол вокзалы ғимараттарының, қалалық аурухананың қалпына келтірілу қарқынын көрді. ҚР Премьер-Министрі сонымен қатар Халыққа қызмет көрсету орталығына барды. Түркістан облысының штабында Асқар Маминге Арыс қаласының тұрғындарына 100 мың теңгеден өтемақы төлеу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндалды.

Түркістан: медициналық көмек көрсету жүйесі өзгереді

Қазіргі таңда Медициналық сақтандыру қорына еліміз бойынша 186,2 млрд. теңге көлемінде жарна аударылған. Жинақталған жарнаның 5,7 пайызы Түркістан облысының үлесіне кіреді. Жинақталған қаржы Ұлттық банкте сақталып, 2020 жылдан бастап МӘМС шеңберінде көрсетілген қызметтер ақысын төлеуге жұмсалмақ. Бұл туралыТүркістан облысы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалының директоры Асхат Бейсенбаев мәлімдеді.

Түркістан облысы: Арыстағы 65 адам емханадан үйлеріне оралды

Бүгін сектор штабында Арыс қаласын қалпына келтіру жұмыстары бойынша брифинг болды. Оған ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-минстрі Қайырбек Өскенбаев, облыс әкімінің кеңесшісі Ұласбек Сәдібеков, Қорғаныс минстрлігінің өкілі Қайыргелді Хусайнов, Облыстық клиникалық ауруханасының бас дәрігері Марат Пашимов, Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Нұрдәулет Қилыбай қатысты. 

Түркістан облысы: Арыс тұрғындарының 99,6 пайызы өтемақыға құжат тапсырды

Бүгін Арыс қаласын қалпына келтіру жұмыстары бойынша облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен жиын өтті. Мәжілісте ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаевтың айтуынша, барлық секторда құрылыс қарқынды жүріп жатыр. 

Түркістан: екі аптадан кейін Арыс тұрғындарына 100 мың теңгеден беріле бастайды

Бүгін Арыс қаласындағы төтенше жағдайдың салдарын жою бағытында атқарылған жұмыстар және алдағы жоспарлар жөнінде кеңейтілген брифинг өтті. Өңірлік және республикалық БАҚ өкілдері қатысқан жиында Түркістан облысы әкімінің орынбасары Жолдымұрат Аманбаев екі апта көлемінде Арыс қаласының әрбір тұрғынына 100 мың теңге беріле бастайтынын мәлімдеді.

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев халықтың мұң-мұқтажын жедел шешу керек екенін айтты

Бүгін Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев апталық аппараттық мәжілісті Арыс қаласында өткізді. Жиында Арыс қаласын қалпына келтіру мәселесі талқыланып, жұмыстар талқыланды. Өңір басшысы қысқа мерзімде Арыс қаласын қалпына келтіру, тұрғындарға жағдай жасау бағытындағы барлық мәселені талқылап, осы жауапты міндетті отаншылдықпен, жанашырлықпен атқару керектігін айтты.

Арыс қаласының инфрақұрылымы мен тұрғын үй қоры бір айда қалпына келтіріледі

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Үкіметтік комиссия басшылығында Арыс қаласына барып, қаладағы төтенше жағдайдан зардап шеккен тұрғын үй ықшамаудандары мен әлеуметтік нысандарды аралады. ҚР Үкіметінің басшысы көппәтерлі және жекеменшік үйлер орналасқан «Көктем-1» және «Көктем-2» тұрғын үй алаптарына болды, залалданған жергілікті мектеп, қалалық аурухана мен Халыққа қызмет көрсету ғимараттарын көрді. 

Түркістан облысы: Арыс қаласының әрбір тұрғынына 100 мың теңгеден беріледі

Арыс қаласындағы жарылыстан зардап шеккен халықтың жай-күйімен танысуға ҚР Премьер-министрі А.Мамин арнайы келді. Премьер-министр облыс басшысы Ө.Шөкеевпен бірге снарядтан зақым келген тұрғын үйлер мен 4 қабатты қалалық аурухананы, халыққа қызмет көрсету орталығын және Көктем шағынауданындағы И.Журба атындағы орта мектепті аралап, ғимараттардың жай-күйімен танысты.