«Самұрық-Қазына» Түркістанға бірнеше нысан тарту етеді

Бүгінде облыс әкімдіктері мен еліміздің ірі компаниялары Түркістан қаласын түлету жолында күндіз-түні еңбек  етуде. Солардың бірі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ. Аталған компания киелі шаһарда 5 ғимараттың құрылысын жүргізуде. Осыған орай Түркістанға «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов арнайы келіп, құрылыс барысымен танысты.

«Самұрық-Қазына» қорының басқарма төрағасы Арыс қаласына арнайы келді

Арыс қаласындағы бір қатар әлеуметтік нысандардың қайта жөндеу жұмыстарын ұлттық қор қаржыландыруда. Мәселен, бүгінгі таңда бөлінген ақша тиімді жұмсалып,  мектеп, балабақша, аурухана және теміржол вокзалы жаңалану үстінде. Жауапты мердігер компаниялар тірлікті берілген мерзімде аяқтайтындарына сенімді.  Осындай ауқымды істің қалай жүріп жатқанын көру үшін «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқармасының төрағасы Ахметжан Есімов Арыс қаласына арнайы келді.

Түркістан: электрондық қолтаңбаның тиімділігі түсіндірілді

Құқықтық статистика органдары мемлекеттік қызметтің 4 түрін көрсетеді. Олар соттылығы туралы анықтама, әкімшілік құқықбұзушылық туралы анықтама, мұрағаттық анықтама және прокуратура органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою. Бұл қызметтердің 3 түрін «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы арқылы алуға болады. Яғни сіз қызметті үйден шықпай-ақ электронды-сандық қолтаңба арқылы онлайн тапсырыс бере аласыз. Бұл туралы Түркістан облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Түркістан облысы бойынша басқармасының қылмыстық саладағы құқықтық ақпараттық қалыптастыру бөлімінің аға прокуроры Мұқаш Ошаев мәлімдеді.

Түркістан облысы: Мақтаарал ауданында 39 елді мекеннің бас жоспары әзірленіп жатыр

Мақтаарал ауданында 2 кент пен 67 елді мекен орналасқан. Ауданды құрылыстың ордасына айналдырып, абаттандыру жұмыстарын жүргізу үшін әрбір елді мекенге бас жоспар керек екені белгілі.

2018 жылғы дейін аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі тарапынан 2 кент және 28 елді мекен оңайлатылған бас жоспармен қамтылған болатын. Ал биыл қалған елді мекендердің барлығын бас жоспармен қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджеттен қаржы қарастырылып, барлығы 39 елді мекеннің бас жоспарын әзірлеу жұмыстары жүруде.

Мырзакент кентінің аумағын ұлғайтуға арналған 160 гектар жер теліміне және Жамбыл ауылдық округіне қарасты Жамбыл елді мекенннің аумағындағы "Атамекен" кеден бекеті маңындағы 45 гектар жер телімдеріне де егжей-тегжей жоспарлау жобасы жасалынып жатыр.

Ауданның сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі Мырзакент кенті Қожанов көшесі бойын көгалдандыру, абаттандыру және жарықтандыру бойынша эскиздік жобасын дайындаған. Сонымен қатар Мырзакент кентіндегі орталық аллея, аудандық мәдениет үйі, орталық саябақ, "Жеңіс" алаңына және Жаңа жол а/о, Ақжол елді мекені Қазыбек би көшелерін абаттандыру, жарықтандару үшін эскиздік жобалар әзірленіп, аудан әкімдігіне ұсынған болатын.Бүгінгі таңда осы жобалар бойынша абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр.

«AQ-QARA.kz»-ақпарат.

Түркістан облысы – «Туған жер» жобасы бойынша үздіктер қатарында

Түркістан облысы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша елімізде көшбасшылардың бірі саналады. Бүгінде облыстың түкпір-түкпірінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» арнайы жобасы аясында  әлеуметтік нысандар, спорт алаңдары мен өзге де пайдалы ғимараттар салынып жатыр. Биылдың өзінде облыста сәуір айынан бері демеушілер есебінен 19 нысан ел игілігіне тапсырылды.

Түркістан облысы: Келес ауданында «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы сәтті жүзеге асып келеді

Түркістан облысында өткен жылы өз алдына дербес аудан болып құрылған Келесте келелі істер атқарылуда. Соның бірі - «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шаралары. Осы мақсатта қазір аудан аумағында тұрғын үйлер мен мекемелерге куар коды бар тақтайшалар ілу жұмыстары тыңғылықты жүргізілуде. Оған қолдау да бар. Өйткені, қарапайым тұрғындар оның тиімді екендігіне көз жеткізуде.

Түркістан: халықаралық әуежай келесі жылы пайдалануға беріледі

Түркістандағы Халықаралық әуежай 2020 жылы пайдалануға беріледі деп күтілуде. Ал оған баратын жол биылғы жылдың соңында пайдалануға берілетін болды. Бұл туралы облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев облыстық мәслихаттың кезектен тыс қырық бірінші сессиясында айтып өтті.