Шымкентте әлемдік діни сарапшылар бас қосты

Үшінші мегаполисте әлемдік діндердің сарапшылары, дін өкілдері бас қосты. Анығырақ айтар болсақ, «Діни бостандықты нығайту мақсатында стратегиялық серіктестік орнату» жобасы аясында дін бостандығы мен конфессияаралық қатынастарды құру мәселелері бойынша қазақстандық-американдық сарапшылардың дөңгелек үстелі өтті.

Шымкент қаласының әкімі бас консулмен кездесті

Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов Түркия Республикасының  Алматы қаласындағы бас консулы Али Рыза Акынджы мырзамен кездесті. Кездесу барысында Шымкент қаласы мен Түркия Республикасы арасындағы қарым-қатынастың дамуы мен одан әрі өрбуі сөз болды.

Шымкент: «Ескі қалашықтағы» цитадель шаһардың негізгі туристік орындарының бірі болмақ

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов қазба жұмыстары жүргізіліп жатқан ескі қалашықтағы Цитадельге барып, құрылыс барысымен танысты. Ерлан Қуанышұлы келер жылы Шымкент ТМД елдерінің мәдени астанасы екенін тілге тиек етіп, жауапты мамандарға жұмысты қарқынды түрде жандандыруға қатаң тапсырма берді.

Шымкент қаласының әкімі жастармен кездесті

Жастар ресурстық орталығының ғимаратында қала әкімі Ерлан Айтахановпен болған еркін форматтағы басқосуға Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты мекемелердің оқушылары, студенттері мен жастары, сонымен қатар білім ордаларының басшылары мен орынбасарлары қатысты. 

Шымкент: Қала әкімі Франция елшісімен кездесті

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Филипп Мартинэмен кездесті. Жүздесуде тараптар аймақтың экономикалық дамуы мен екіжақты ынтымақтастықты одан әрі жетілдіру бағыттары жайында әңгімелесті. 

Шымкент: Әл-Фараби ауданында жыл басынан бері 47 нысан іске қосылған

Шымкент қалалық ақпараттық-коммуникациялық орталығында Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының 2019 жылдың 10 айдағы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіші мен мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы бойынша баспасөз брифингі өтті. Аталған брифингте сөз алған Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының әкімі Ғабит Мәуленқұловтың айтуынша, аудан аумағында 2019 жылдың басынан бері жалпы 47 нысан іске қосылған.