Түркістан облысында әлеуметтік нысандар жылуға түгел қосылды

Бұл туралы Түркістан облысы әкімдігінде өткен аппараттық мәжілісте айтылды. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Қосман Айтмұхаметовтың төрағалық етуімен өткен жиында 2019-2020 жылдардағы жылыту маусымының өту барысы мен облыс бюджетін игеру, өңірдің экологиялық жағдайын жақсарту, «көгілдір отынмен» қамтамасыз ету, қоршаған ортаны көгалдандыру секілді бірқатар өзекті мәселелер талқыланды. 

Түркістан облысы: Қазығұрт ауданында айыппұлды уақытылы төлеуге байланысты жиын өтті

Қазығұрт ауданы прокуроры Б.Қорғанбаевтың үйлестіруімен 2019 жылдың 10 айында аудан аумағында әкімшілік айыппұлдарды өндіру жағдайы бойынша Қазығұрт аудандық ПБ, Төтенше жағдайлар бөлімі, аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы, аудандық әділет басқармасы, аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы және аудандық ветеринария бөлімі босшыларының қатысуымен мәжіліс өткізілді. 

Түркістан облысы: Мақтааралдықтарға атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматы түсіндірілді

Бүгін Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Темірбаева мақталы Мақтаарал ауданына жұмыс сапарымен келіп, көп балалы аналармен кездесу өткізді. Жиынға аудан әкімі Бақыт Асанов арнайы қатысып, төрағалық жасады. Кездесу барысында Әсия Құралқызы атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматы туралы түсіндіріп, тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға ынта-ықыласымен жауап берді. 

Түркістан облысы: Келес ауданы басшылығы Бірлік ауылы тұрғындарымен кездесті

Аудан әкімі Ақментай Есбаев Үсенұлы мен «NurOtan» партиясы Келес аудандық филиалының төрағасының Бірінші орынбасары Ахмет Жұмабеков, аудандық мәслихат депутаты, фракция мүшесі Марқабай Есіркепов тиісті бөлім және мекеме басшыларының қатысуымен Бірлік ауылдық округі тұрғындарымен кездесу өткізді. 

Түркістан облысы: «Ashyq Turkistan» - диалог алаңы

Елімізде кәсіби мемлекеттік аппарат құру, ашық азаматтық қоғам негіздерін нығайту жолында нақты қадамдар жасалып жатыр. Ол жергілікті атқарушы биліктің халықпен қарым-қатынасынан нақты оң көрініс тауып жатқаны жасырын емес. Осы мақсатта Созақ ауданының Сызған ауылдық округінде бүгін қоғамдық қабылдаулар өткізілді. 

Түркістан облысы: Бәйдібек ауданында мәслихаттың 25 жылдығы аталып өтті

Бүгін Шаян ауылындағы спорт кешенінде Бәйдібек аудандық мәслихатының 25 жыл мерекесіне орай мәслихаттың тұңғыш хатшысы Бейсебай Серік Күзенбайұлын еске алуға арналған жастар арасында волейболдан аудандық турнир өтті. Турнирдің салтанатты ашылуына аудан әкімі Бақытбек Танагөзов қатысып, аудан бойынша барлық шақырылымдағы мәслихат депутаттарын мерекемен құттықтады. 

Түркістан облысы: Шардарада аудандық қоғамдық келiсiм кеңесiнiң отырысы өтті

Онда Президент Жолдауда жүктеген міндеттердің орындалу реті сараланды. Сондай-ақотбасылық құндылықтар кеңінен дәріптелді. Дiни рәсiмдер, имандылық, отаншылдық, ауызбiршiлiк және мәдениеттiлiк жөнiнде сөз қозғады. 

Түркістан облысы: Кентау қаласының әкімі азаматтарды қабылдайды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ағымдағы жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына ерекше назар аударды. Ондағы басты мақсат халықпен тікелей қатынас орнату болып табылады. Осыған байланысты, мемлекеттік органдарда Республикалық бірыңғай азаматтарды қабылдау күнін (ашық есік күнін) биыл 21 қарашада өткізу жоспарланды.