Түркістанда әлемде теңдесі жоқ туристік кешеннің қазығы қағылды

Түркістан облысына іс-сапармен келген ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин облыс орталығында салынып жатқан бірқатар құрылыс нысандарын аралады. Үкімет басшысы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевпен бірге мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында «Sembol construction» түрік компаниясы қолға алған «Керуен-сарай» көпфункционалды туристік кешен құрылысын іске қосты.

А.Мамин Түркістан қаласында жаңа жобаларды іске қосты

Түркістан қаласына жұмыс сапары аясында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қаланы дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Атқарылып жатқан жұмыстар барысы туралы Түркістан облысының әкімі Ө. Шөкеев, мәдениет және спорт министрі А. Райымқұлова, Атырау облысының әкімі Н. Ноғаев, Ақтөбе облысының әкімі О. Оразалин, Шымкент қаласының әкімі Е. Айтаханов, сондай-ақ басқа өңірлер мен қала құрылысына жауапты мердігерлер өкілдері баяндады.

Түркістан: оңтайландыру жұмыстары барысында 1001 штат қысқартылған

Бүгінгі күні мемлекет саясаты тиімсіз шығындарды қысқартып, трансформациялау ісін ілгерілетуге айрықша басымдық беріп отыр. Штат санын оңтайландыру процесі ел бюджетінің тиімді жұмсалуына ықпал етіп, әкімшілік шығындарды азайтуға мүмкіндік беретін ұтымды жүйе болғандықтан, қазіргі кезде еліміз үшін аса маңызды  бағыттың  біріне айналды.

Түркістан облысы әкімдігінің жаңа ғимаратында алғаш аппарат мәжілісі өтті

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев жиналысты құттықтау сөзбен ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Мәжілістің күн тәртібінде өңірдегі құрылыс саласы мен Түркістан қаласының дамуы, тұрғын үй құрылысы және экологиялық мәселелер қаралды.

Түркістан облысы: темірландықтар Тұңғыш Президент күнін атап өтті

Тұңғыш Президент күні Ордабасы ауданында ауқымда шарамен атап өтілді. Орталықтағы Мәдениет үйіне жиналған қауым еліміздің жетістіктерін елбасының есімімен байланыстырып салиқалы ой қозғады. Айтулы күні еңбекте ерендік танытқандар арнайы төсбелгімен марапатталды.

Түркістан: партия қатарына 1500 адам қосылды

Түркістанда «Nur Оtan» партиясы мүшелерінің саны 1500 адамға артты. Тұңғыш Президент күні бас партия құрамына облыс көлемінде осыншама азамат қабылданды. Олардың ішінде ақапарат, мәдениет, спорт саласында жетістікке жеткен танымал тұлғалар да бар.