Шымкент қаласы әкімдігі қос баласынан айрылған отбасыға көңіл айтты
Шымкентте апта басында орын алған қайғылы жағдай бір отбасының екі ұлының өмірін жалмады. Қабырғаны қайыстырар қазаға қала басшылары да ортақтасып көңіл айтты.
Шымкентте апта басында орын алған қайғылы жағдай бір отбасының екі ұлының өмірін жалмады. Қабырғаны қайыстырар қазаға қала басшылары да ортақтасып көңіл айтты.
Бүгін Шымкент қалалық «Отырар» кітапханасында «Egemen Qazaqstan» республикалық газетінің 100 жылдығына орай редакция мүшелері шымкенттік оқырмандарымен кездесті. Алқалы жиынға "Egemen Qazaqstan" жалпыұлттық республикалық газеті басқармасының төрағасы Дархан Қыдырәлі, ел газетінің ардагерлері Сүлеймен Маметов пен Қарашаш Тоқсанбай, Оңтүстік өлкесі мен үшінші мегаполистің танымал қаламгерлері, белгілі журналистер, қалалық ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы Жанар Бектаева, БАҚ өкілдері, кітапхана қызметкерлері мен оқырмандар қатысты.
Бұл туралы 10 айда атқарылған жұмыстарын баяндаған Қаратау ауданының әкімі Абзал Әліқұлов айтты. Әсіресе, нан бағасын тұрақты ұстауға аудан билігі ерекше назар аударған.
«Қазіргі таңда Сайрам тұрғын алабының жаңақұрылыс аумағында тиісті жұмыстар қарқынды жүріп жатыр»- деді ағымдағы жылдың 10 айындағы атқарылған шаруаларға есеп берген Шымкент қаласы Қаратау ауданының әкімі Абзал Әліқұлов. Сонымен қатар ол Сайрам тұрғын алабындағы құрылысы жүріп жатқан облыстық маңызы бар 4 көшені де ағымдағы жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарда екендігін атап өтті.
Бұл туралы баспасөз брифингінде Шымкент қаласы Қаратау ауданының әкімі Абзал Әліқұлов мәлімдеді. Тарқатып айтар болсақ, 15 көшені– күрделі, 12 көшені орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Төтеншеліктер жылыту маусымына дайындықты пысықтап, халық арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Үгіт – насихат шаралары Шымкент қаласындағы Абай ауданында өтті. Сақтықта қорлық жоқ деп ұрандатқандар улы газдан сақтанудың жолын, алғашқы көмектің дұрыс жүргізілуін көрсетті.
Шымкентте жолаушы тасымалдаушы компаниялардың ісін арнайы құрылған жұмыс тобы бақылауды бастады. Олар 10 күн бұрын сала жұмысына жауаптылармен түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Ескерту берді. Бұдан былай тәртіпке бағынбағандарға аяушылық жоқ. Қала билігі тасымалдау талаптарын бұзған компанияларды бірден жұмыстан шеттетін болды.
Жас кәсіпкерлер үшін жағымды жаңалық! Шымкент қаласында кәсіпкер атанғысы келетін жастарға мемлекеттік гранттар берілетін болды.