Түркістан облысы: Келес ауданында ветеринария саласында ауқымды істер атқарылып жатыр
Ветеринария саласының миссиясы – жануарлардан алынатын өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, эпизоотиялық жағдайларды қалыптастыру, халықтың денсаулығын адам мен жануарларға ортақ жұқпалы аурулардан қорғау, ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, бірдейлендіру бойынша дерекқорды жүргізу және жануарларға ветеринарлық паспорт беру, қоршаған ортаны ластаудың алдын алу және оны жою. Келес ауданында ветеринариялық тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытында атқарылып жатқан шаруалар ауқымды.